Жаңалықтар
Remotion жобасы Түркиядағы халықаралық байқауда ІІ орын иеленді
21 қыркүйек 2026 17:34
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерасыл Айдарбек NauanX командасының құрамында Стамбұл қаласында өткен Empower Me халықаралық байқауында ІІ орын иеленді.
Ол мектеп түлектері Жұлдызай Мұнайтбасова, Арайлым Аширмет және Раушан Тұрғанбаймен бірге инсульт алған пациенттерді оңалтуға арналған Remotion құрылғысын таныстырды.
Remotion геймификация арқылы пациенттердің моторлық функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Жүйе арнайы аппараттық контроллерлерді, қарсылық модульдерін және бағдарламалық жасақтаманы біріктіріп, оңалту жаттығуларын интерактивті әрі қызықты үдеріске айналдырады.
Жобаның басты мақсаты – инсульттен кейінгі қалпына келу үдерісін пациенттер үшін қолжетімді ету.
Байқау қорытындысы бойынша NauanX командасы ІІ орынға ие болып, 5000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай жүлдені жеңіп алды.