Жаңалықтар
BilimLand платформасын пайдалану бойынша вебинар өтті
23 қыркүйек 2026 11:38
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Bilim Media Group» компаниясының өкілдері «Білім беру үдерісінде BilimLand цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» тақырыбында вебинар өткізді. Оған 7–12-сынып оқушылары, мектептің жаңа қызметкерлері мен мұғалімдері қатысты.
Вебинар барысында оқушылар BilimLand платформасынан оқу материалдарын табуды, бейнесабақтарды қарауды және интерактивті тапсырмаларды орындауды үйренді. Сондай-ақ платформаны сабаққа дайындалу және өткен тақырыптарды қайталау үшін пайдалану жолдарымен танысты. Мұғалімдер мен қызметкерлерге цифрлық ресурстарды білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.