Жаңалықтар
Ізгілік ағаштары: NIS оқушылары әлеуметтік қызмет көрсету орталығын көгалдандыруға үлес қосты
01 қазан 2026 15:53
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Сұңқар», «Жанкент» шаңырақтарының оқушылары мен еріктілер тобы №1 қалалық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Оқушылар орталық аумағына жеміс ағаштарын отырғызып, айналаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Алдағы уақытта жасыл көшеттер орталық аумағының көркін ажарландыра түспек.
NIS ұжымы бұл орталықпен бірнеше жылдан бері тығыз байланыс орнатып келеді. Осы уақыт ішінде оқушылар концерттік бағдарламалар, шығармашылық кездесулер және басқа да әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Мұндай жобалар оқушылардың қоғамға пайдалы бастамаларға белсенді араласуына, әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлық құндылықтарын қалыптастыруына мүмкіндік береді.