Жаңалықтар
Мектеп ауласын бірге көркейтеміз
12 қазан 2026 10:20
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушыларды, ата-аналар мен мектеп қызметкерлерін біріктірген сенбілік өтті.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қатысушылар мектеп аумағын тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды. Ортақ еңбек нәтижесінде мектеп ауласы абаттандырылып, жылдан жылға жасыл желекке айналуда.
Республика күні қарсаңында өткен игі шара туған жерге деген жанашырлық пен қоршаған ортаға жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды.