logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS ауыл мектептерімен әріптестікті нығайтуда

15 қазан 2026 14:56

Қызылордадағы NIS пен Жалағаш аудандық білім бөлімі арасында ауыл мектептерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған меморандум жасалды.

Ресми құжатқа мектеп директоры Акбар Тусупбаев және Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов салтанатты түрде қол қойды.

Ынтымақтастық аясында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізу көзделуде:

  • Ауылдағы білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу;

  • Педагогтерге арналған семинарлар, тағылымдамалар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру;

  • Сабақты жоспарлау, бағалау тапсырмалары мен авторлық бағдарламаларды әзірлеуге әдістемелік қолдау көрсету;

  • Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру процесіне енгізу;

  • «Инновациялар» орталығының тәжірибесімен танысу, бірлескен ғылыми және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру;

  • Оқушылардың зерттеушілік, тілдік және академиялық дағдыларын дамыту.

Сонымен қатар, тараптар оқушылардың ғылымға, білімге, мәдениет пен спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды талқылады.

Аталған меморандум – озық тәжірибелерді білім беру жүйесіне енгізуге, педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін беруге және ауданның білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.