logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Туған елім – Қазақстан!

21 қазан 2026 17:45

Республика күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапхана қызметкерлері 8-сынып оқушылары арасында танымдық іс-шара өткізді.

Бірінші кезеңде қатысушылар LEGO бөлшектерін пайдалана отырып, мақал-мәтелдердің басы мен жалғасын тауып, оларды дұрыс сәйкестендірді. Бұл тапсырма барысында оқушылар тапқырлықтарын, зейінділіктерін және халық даналығы туралы білімдерін көрсетті.

Екінші кезең – «Зияткерлік лото» ойыны. Оқушылар Қазақстанның тарихы, географиясы, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен көрікті жерлеріне қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тексеріп қана қоймай, туған ел туралы жаңа әрі қызықты мәліметтер алуға мүмкіндік алды.