Жаңалықтар
Баскетбол алаңындағы жүлде
02 қараша 2026 14:33
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арасында баскетболдан өткен желілік спартакиаданың өңірлік кезеңінде Қызылорда қаласындағы NIS-тің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Қыздар командасы ІІІ орын иеленсе, ұлдар командасының ойыншысы Серік Нұрдәулет «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда, Тараз, Шымкент, Алматы және Түркістан қалаларындағы Зияткерлік мектептердің командалары қатысты. Үш күнге созылған бәсекеде ұлдар мен қыздар командалары өзара бақ сынап, алаңда ойын шеберліктері мен командалық рухтарын танытты. Тартысты ойындар нәтижесінде үздік командалар спартакиаданың желілік кезеңіне жолдама алды.