logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Қызылордадағы NIS-тің жұмысымен танысты

17 қаңтар 2025 16:55

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин жұмыс сапарымен Қызылорда қаласындағы NIS-те болып, мектеп қауымдастығымен кездесті.

Мектеппен танысу барысында Әнуар Қанатұлы NIS Engineering инновациялық-технологиялық орталығында болып, оқушылар әзірлеген мобильді қосымшалар, автоматтандырылған қауіпсіздік жүйелер, бионикалық протез және басқа да бірегей жобалармен танысты.

Педагогикалық идеялар көрмесінде Әнуар Жанғозин мұғалімдердің тың әдіс-тәсілдері мен зерттеулері туралы ақпарат алып, оқу үдерісін ұйымдастыруда ерекше жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Оқушылармен және ата-аналармен өткен кездесулерде мектеп өмірінің өзекті мәселелері, жоспарлар мен тың бастамалары талқыланды. Ал мектеп ұжымымен өткен жиында Басқарма төрағасы мектептің білім сапасына жүргізілген талдау нәтижелерімен бөлісіп, мұғалімдердің жоғары әлеуетін атап өтті.

«Мектеп академиялық, тәжірибе тарату және тәрбие бағытында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Оқушы мен педагогтердің жетістіктері жетерлік. WRO әлемдік олимпиадасында жүлделі орындардан көрініп, NIS жүйесінің абыройын асқақтатып жүр. Біз мектептің әрбір бастамасын қолдауға және одан әрі дамуға ықпал етуге дайынбыз», - деді Әнуар Қанатұлы.