logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS-тің төрт мұғалімі — "IMPACT Olympiad" жүлдегерлері

20 қаңтар 2025 17:04

Физика, математика және информатика мұғалімдері арасында өткен халықаралық IMPACT Олимпиадасында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп педагогтері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Айбек Оналбаев пен Диас Асылбек ІІ орын жеңіп алса, Қуаныш Саменов пен Нұрбол Уақбаев ІІІ орынмен марапатталды.

Дәстүрлі шығармашылық байқауға биыл Қазақстан мен шетелдерден 176 талантты математик, информатик және физик қатысты.

IMPACT Olympiad сайысы — әлем мұғалімдері арасында білім беру саласындағы озық әдістер мен шығармашылық тәсілдерді көрсету және таратуға арналған бірегей алаң.