logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Шекарасыз білім: ауыл мектептері қалай дамып жатыр

29 қаңтар 2025 11:51

Қызылордадағы NIS мұғалімдері Жаңақорған және Қармақшы аудандарының тірек мектептерінде бірлескен ашық сабақтар өткізіп, ауыл педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетті.

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» ұлттық жобасына 2023 жылы қосылған Қармақшыдағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі мен Жаңақорғандағы №286 орта мектебі бүгінге жаңғырудан өтіп, заманауи бағытта жұмыс жүргізіп келеді. Зияткерлік мектептің ұстаздары әріптестеріне үнемі біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастырып, білім беру үдерісін жақсарту бойынша қолдау көрсетуде. Соның нәтижесімен бүгінде өзге аудандық мектептермен бөлісуді бастады. Ашық есік күнінде магниттік ретінде бектіліген басқада аудандық мектептердің ұстаздары қатысып, NIS пен тірек мектептерінің бірлескен сабақтарына қатысып, шеберлік сағаттарында біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар NIS-тің педагог-кураторлары тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, тәрбиелік жобаларды таныстырды.

«Біздің мектепке 4 магниттік мектеп бекітілді. Сол мектептердің мұғалімдерін, орынбасарларын, басшыларын шақырып, семинар өткіздік. Біздің мақсатымыз NIS-пен бірлескен жұмысымыздың нәтижесін көрсету. Жаңартылған материалдық-техникалық базаны таныстыру, әдістемелік қолдау білдіру. Біз Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерімен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеміз. Шеберлік сыныптар, семинарлар, тағылымдамалар мен конференцияларына жыл бойына үздіксіз қатысып келеміз. Ең бірінші байқағанымыз мұғалімдерімізге жаңа бағытта жұмыс жасауға серпіліс берді. Ұстаздарымыздың инновациялық технологияны пайдалану, озық практиканы іс-тәжірибеге енгізуге септігін тигізді. Соның арқасында мектебіміздің білім сапасы өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға өсті. Олимпиада да оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп келеді», – дейді Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей директорының орынбасары Гүлнұр Баймаханова.