logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Онбординг – жұмыс процесінің іргелі негізі

06 ақпан 2025 14:58

Қызылорда қаласындағы NIS-те жаңадан келген мұғалімдерге арнап онбординг өткізілді. Бұл шара қызметкерлердің ұжым ортасына тез бейімделуіне және мектеп құндылықтарымен танысуына көмектесті.

Мектептің HR- менеджері қызметкерлерге арналған нұсқаулық, корпоративтік мәдениет және негізгі жұмыс принциптері туралы таныстырылым жасады. Бұл жаңадан келген ұстаздарға жұмыстың мақсаты мен міндеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесу барысында мектеп директорының орынбасары Ербол Қайнарбаев ұстаздармен stay-сұхбат жүргізіп, кері байланыс алды. Жас мамандар мектептің мықты тұстарын атап өтіп, дамытуды қажет ететін бағыттары туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар оқу процесін тиімді жүргізуде өз қажеттіліктерін атап өтті.

Жаңа оқу жылында Қызылордадағы NIS-тің педагогтер қатарына екі информатика пәні мұғалімі қосылды. Зияткерлік мектеп түлектері Диас Асылбек пен Айбек Оңалбаев бүгінде білім ордасының дамуына еңбек етуде.

«Қазір персоналмен жұмысты ұйымдастыру барысында онбординг тәсілі жиі қолданылады. Бұл ұжымға жаңадан қосылған қызметкердің алғашқы күннен бастап процеске енуіне жәрдемдесетін шаралар кешені. Біздің мектепте бұл формат мұғалімдерге білім беру ортасын дамытуға белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Өйткені, қолайлы оқу ортасы – табысты білім берудің кепілі», – деп ой бөлісті HR менеджері Ұлжан Қонысова.