Жаңалықтар
NIS оқушылары «ыстық» алғыстарын жеткізді
03 ақпан 2025 15:02
Қызылорда қаласындағы NIS-тің оқушылары «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше акция ұйымдастырды. Зияткерлер «Қызылорда тазалығы» мекемесінің қызметкерлері мен қала жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларға ыстық шәй мен бауырсақтар таратты.
Оқушылар қаланың тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етушілерінің күнделікті жасап жатқан еңбектеріне құрмет пен алғыс білдірді.




