logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ұрпақтар үндестігі

12 ақпан 2025 16:00

Қызылорда қаласындағы NIS-те «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында оқушылар «Ақниет» әжелер ансамблімен кездесті. Ақжаулықты әжелер шығармашылық жолының тарихымен бөлісіп, халық әндерін орындап, ұлттық аспаптар туралы сыр шертті.

Жас зияткерлер мәдениет пен салт-дәстүрлер жаңғырған тағылымды естеліктерді ерекше қызығушылықпен тыңдап, әжелердің өнеріне тәнті болды. Мұндай кездесулер жастарды ата-баба мұрасымен таныстырып қана қоймай, оны сақтаудың маңыздылығын ұғындырады.

«Қариялар – халқымыздың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен байланыстыратын асыл қазына. Олар бізге баға жетпес білім мен даналық сыйлап, әдет-ғұрып пен қолөнерді дәріптейді. Олардың ақыл-өсиеттері,  әндері мен қолөнер бұйымдары – ұрпақтан-ұрпаққа жетуі тиіс құнды мұра», – деп ой бөлісті 9-сынып оқушысы Төре Ахатай.