logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Тәжірибе алмасу алаңы: тірек мектептер NIS-те

14 ақпан 2025 17:15

Жалағаш ауданындағы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей, Шиелі ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №219 мектеп-лицей және Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейдің директор орынбасарлары, сынып жетекшілері мен педагогтері NIS-тің Ашық есік күніне қатысты.

Іс-шара барысында мектеп әкімшілігінің мамандары оқу үдерісін басқару және мектеп дамуына ықпал ететін негізгі қағидаттар бойынша маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ, сабақты жоспарлау мен оқытуды ұйымдастыруды бақылау, олимпиадалар мен ғылыми жобаларды тиімді ұйымдастыру және тәрбие жұмысын іске асыру ерекшеліктеріне қатысты тәжірибе жинақтады.

Оқу үдерісінде сандық ресурстарды тиімді қолдану тақырыбында сынып жетекшілері мен педагогтер Google платформасында сайт жасауды үйреніп, сабақ материалдарын әзірлеу және оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда жасанды интеллект платформаларымен танысты.

Сонымен қатар, жаратылыстану-математика пәні мұғалімдері сабақ үдерісінде CLIL әдістерін тиімді қолдану бойынша Зияткерлік мектеп педагогтерінен әдістемелік көмек алды.