logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Авторлық құқық: кураторлардың жетістіктері

19 ақпан 2025 10:53

Сыр өңіріндегі NIS-тің педагог-кураторлары тәрбие беру үдерісін жетілдіруге бағытталған үш бірегей цифрлық жобаға авторлық құқық алды.

Қуандық Әскербеков, Бағдат Әбілов, Малика Искакова мен Мархабат Раманқұлова жасаған Telegram-бот ата-аналар мен мектеп арасындағы жедел байланысты қамтамасыз етіп, оқушылардың үлгерімі мен алдағы іс-шаралар туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.

Ақбота Жұмабай әзірлеген «KitapTime» интерактивті платформасы сайт пайдаланушыларына қазақ тілді шығармаларды табуға, олардың аудиожазбаларын тыңдауға немесе электронды нұсқаларын жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Әділжан Абажанов, Смадияр Айдаргазиев және Владислав Вепрев әзірлеген тағы бір пайдалы ресурс – әкелерді мектеп өміріне белсенді тартуға, іс-шаралар мен білім беру бастамаларына қатысуға шақыратын арнайы сайт.

Авторлық құқықты иелену бұл жобалардың бірегейлігін дәлелдейді.