Жаңалықтар
Ата-аналар спартакиадасы: Қызылордадағы NIS командасының жеңісі
21 ақпан 2025 17:00
Шырайлы Шымкентте олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған «Қазақтың батыр барысы» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жарысқа Қызылорда, Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ата-аналары қатысты.



Командалар волейбол, үстел теннисі, шахмат, ләңгі, тоғызқұмалақ және садақ ату спорт түрлерінде бақ сынасты. Нәтижесінде сырбойылық NIS ата-аналары үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орын иеленді. Олар волейбол, тоғызқұмалақ, садақ ату және ләңгі бойынша жеңімпаз атанса, шахматтан ІІ орын, үстел теннисінен ІІІ орын жеңіп алды.



Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл спартакиада тек спорттық дода ғана емес, сондай-ақ бірліктің, салауатты өмір салтын ұстанудың және ұлттық дәстүрлерді дәріптеудің жарқын сәті болды.
