logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Надира Атымтай – әлемнің үздік геологы атағына үміткер

17 наурыз 2025 14:12

Қызылордадағы NIS-тің екі бірдей оқушысы IESO-2025 халықаралық жер туралы ғылымдар олимпиадасының республикалық кезеңінде жүлделі орындарды иемденді.

Надира Атымтай жеңіс тұғырынан көрініп, Қытайда өтетін қорытынды кезеңіне жолдама ұтып алды. Әділхан Торғай да жоғары академиялық біліммен ерекшеленіп, ІІ орынмен марапатталды.

Жас геологтарды дайындауда маңызды үлес қосқан жетекшілері — Мұхтар Әбілмаев пен Арай Нұрбаева.

IESO (International Earth Science Olympiad) — бұл геология, метеорология, геофизика, океанография және астрономия сияқты пәндерді қамтитын дәстүрлі білім додасы. Бұған дейін қазақстандық командалар Бразилия, Жапония, Франция, Таиланд және Оңтүстік Корея сынды мемлекеттерде ел абыройын асқақтатты.