Хабарландырулар
NIS-ке түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2026 – 2027 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды.
Құжат қабылдау 2026 жылғы 5 қаңтардан 9 ақпанға дейін Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, Қарағайлы 1 мекенжайында жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау:
1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 5-қаңтар сағат 09:00-ден бастап 9-ақпан сағат 18:00-ге дейін тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;
2) Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін жүргізіледі.
Байланыс ақпараты:8 (7222) 63-22-81