logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

Виртуалды мектепке тіркелу ашық

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқу үшін 5-сынып оқушыларын конкурстық іріктеуден өтуге дайындау мақсатында «Виртуалды мектеп» ақпараттық жүйесі жұмысын жалғастыруда.

Виртуалды мектеп «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша білім жинақтауға, өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындап, онлайн форматта қашықтан қорытынды тест тапсыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды тестілеу бойынша ең жоғары балдың 50 немесе одан жоғары пайызын жинаған оқушылар Зияткерлік мектептер базасында өтетін күндізгі сабақтар және конкурстық іріктеу тестілеуінің бейіндік пәндері бойынша кеңес алуға Каникулярлық мектепке шақырылады.

🗓️ 5-сынып оқушыларын тіркеу 2025 жылғы 26 наурыздан 14 мамырға дейін vs.nis.edu.kz сайтында жүзеге асырылады.

Толық ақпаратпен vs.nis.edu.kz сайтында немесе 8 7222 63 63 50 нөмірі арқылы таныса аласыздар.