Хабарландырулар
Назар аударыңыз! НЗМ-де ақылы оқуға құжат қабылдау жүргізілуде!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Семей қаласындағы «физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы ақылы негізде білім алуға оқушыларды қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Ақылы негізде оқуға қабылдау 7, 8, 9, 11-сыныптар мен топтарда бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады.
Ақылы негізде білім алу үшін заңды өкілдердің өтініштерін қабылдау жыл бойы жұмыс күндері жүзеге асырылады.
Мекен-жайымыз: Семей қаласы, Қарағайлы ықшам ауданы, 1
Байланыс ақпараты: 8 (7222) 63-63-50