Хабарландырулар
Үлкен спорт залды мүліктік жалдауға (жалға) ұсыну бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалыы (бұдан әрі-Филиал) Абай облысы, Семей қаласы, Шағын ауданы Қарағайлы, үй 1 мекенжайында орналасқан үлкен спорт залын мүліктік жалдауға (жалға) ұсыну бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Мүліктік жалдауға (жалға) берілетін үлкен спорт зал мүліктің жалпы ауданы – 743,9 ш.м. құрайды.
Жалдау мерзімі – 2026 жылдың қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін.
Объект үй-жайдың нысаналы мақсатына сәйкес мүлікпен жалға беріледі.
Үй-жай үшін жалдау ақысының құны сағатына: үлкен спорт залы – 21 687,00 (жиырма бір мың алты жүз сексен жеті) теңге 00 тиын. Осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес прейскурантта бекітілген сомадан кем болмауы тиіс.
Әлеуетті жалға алушы хабарландыруда көрсетілген жалдау мерзімі мен уақыты шегінде конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде жалдау мерзімі мен күндерін таңдауға құқылы. Бұл ретте өтінімде жалға алу уақыты мен күндері көрсетілуі керек.
Әлеуетті жалға алушылар өтінімдерді мөрленген конверттерде 2026 жылғы 23 қантар сағат 17:00-ге дейінгі мерзімде, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Шағын ауданы Қарағайлы, үй 1, 2 қабат, 7 каб мекенжайы бойынша филиал конкурсын ұйымдастырушыға ұсынады, тел. 8 (7222) 63-63-50 (вн. 5909).
Әлеуетті жалға алушылардың өтінімдері салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2026 жылғы 26 қантар сағат 09.00-де Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Шағын ауданы Қарағайлы, үй 1, 2 қабат, 7 каб мекенжайы бойынша өткізілетін болады. тел 8 (7222) 63-63-50 (вн. 5909).
Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті жалға алушының объектіні конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес мүліктік жалдауға (жалға алуға) қабылдауға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Объектіні жалға беру мәселесін қарастыру үшін әлеуетті жалға алушылар жалға берушіге бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қойған және (бар болған жағдайда) мөрмен расталған, жабық конвертке салынған жазбаша түрде өтінімді тапсырады, онда мыналар көрсетіледі:
1) әлеуетті жалға алушының атауын, заңды мекенжайын (заңды тұлғалар үшін), куәлігінің нөмірін (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелерін қамтитын байланыс деректері;
2) жалдау мақсаты;
3) жалдау мерзімі;
4) әлеуетті жалға алушының үлгілік шарт жобасының талаптарымен және осы Қағидалармен танысқанын және келісетінін растау;
5) тұрғын емес үй-жайды жалға беру құнынан төмен болмайтын ұсынылатын жалдау ақысын;
6) хабарландыруда осындай талап көрсетілген жағдайда, әлеуетті жалға алушы Объектіні жалға алу шеңберінде көрсететін ілеспе қызметтердің түрлері;
7) болжамды инвестицияларды, объектінің бөлінетін және бөлінбейтін жақсартуларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды және т. б. қамтитын техникалық ерекшелікті және басқа да ұсыныстарды қамтиды (хабарландыруда осындай талап көрсетілген жағдайда).
Өтінімге мынадай құжаттардың немесе портал жүйесінен анықтаманың нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі egov.kz:
1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын басқа құжат;
2) Жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (ол болған кезде), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, мекенжай анықтамасы.
Өтінімдері бар мөрленген конверттің алдыңғы жағында әлеуетті жалға алушы көрсетуі керек:
1) әлеуетті жалға алушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
2) электрондық хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиіс конкурсты ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
3) әлеуетті жалға алушының өтінімі берілетін конкурстың атауы. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті жалға алушының конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) қабылдауға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Әлеуетті жалға алушының өтінімі хабарландыруда белгіленген өтінімдерді қабылдау мерзімінен кейін қабылданбайды.
Жауапты тұлға: Баширов Бахтияр Кайратович, тел. 8 (7222) 63-63-50 (вн. 5909).
Ережелер Жалға берушінің интернет ресурсында орналастырылған https://www.nis.edu.kz/storage/files/01JSK33WF7NRJAN5EHANKNFWC2.pdf
Комиссия өтінімді келесі жағдайларда қабылдамайды:
1) әлеуетті жалға алушының өзі туралы анық емес мәліметтерді ұсынуы;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді хабарландыру талаптарына сәйкес келмейтін деп тану;
3) егер әлеуетті жалға алушы алдыңғы конкурстың жеңімпазы бола отырып, шарт жасасу және / немесе орындау жөніндегі міндеттемелерді орындамаса;
4) егер әлеуетті жалға алушы Шарт бойынша Жалға алушы бола отырып, жалға беруші алдындағы өз міндеттемелерін орындамаса не тиісінше орындамаса;
5) егер әлеуетті жалға алушы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
6) егер әлеуетті жалға алушы осы тендерде (Лотта) тендерлік өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы болып табылса.
Әлеуетті жалға алушының құқығы бар:
1) жалға алу объектісі туралы мәліметтерді тегін алуға;
2) объектіні алдын ала қарау;
3) конкурс басталғанға дейін бір тәулік бұрын өз өтінімін қайтарып алуға, бұл туралы Жалға берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Конкурстың жеңімпазын конкурстық құжаттамада көрсетілген таңдау критерийлеріне сәйкес 5 балдық бағалау шкаласы жүйесі бойынша бағалау парақтарында дауыс беру жолымен комиссия айқындайды. Жеңімпаз-ең көп ұпай жинаған әлеуетті жалға алушы. Комиссияның шешімін қабылдау үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін немесе одан асатын Жалға беруші үшін ең тиімді жалдау шарттары бар әлеуетті жалға алушының өтінімі негіз болып табылады.
Әлеуетті жалға алушыны таңдау критерийі:
1) жалдау құны;
2) жалдау мерзімі;
3) болжамды инвестициялар, объектіні жақсарту жөніндегі жұмыстар (хабарландыруда осындай талап көрсетілген жағдайда).
Ең көп ұпай жинаған әлеуетті жалға алушыны анықтағаннан кейін және қалған бос уақытында басқа өтінімдер болғаннан кейін конкурстың бірнеше жеңімпаздарын анықтауға болады.
Правила предоставления в имущественный наем (аренду) нежилых помещений