logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

2026–2027 оқу жылына арналған жатақханаға қабылдау науқаны басталады

Құрметті ата-аналар!

Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына 2026–2027 оқу жылына жатақханадан орын беру үшін құжаттарды қабылдау екі ағымда жүргізілетінін хабарлаймыз.

Бірінші ауысым: 2026 жылғы 1 маусымнан 12 маусымға дейін.
13–19 маусым аралығында комиссия өтініштерді қарайды, ал 19 маусымда Комиссия шешімі мектеп сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады. Заңды өкілдер нәтижемен сайт арқылы таныса алады.

Екінші ауысым: 2026 жылғы 17 тамыздан 23 тамызға дейін.
23–25 тамыз аралығында комиссия өтініштерді қарайды, ал 26 тамызда заңды өкілдерге қарау нәтижелері туралы хабарланады.

Оқушының заңды өкілі жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://otinish.nis.edu.kz/ платформасы арқылы жатақханаға өтініш бере алады.

Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесімен https://schools.nis.edu.kz/ru/school/nzm-semei/page?parent_menu=26&menu=50
сайтында таныса аласыздар.

Бейне нұсқаулық: https://youtu.be/1rNFJvxkH3Y