logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Даналық бейсенбі: зияткерлер кәсіпкерлермен кездесті

17 наурыз 2025 15:00

Мектеп оқушылары қаламыздың кәсіпкерлерімен жүздесті. «Даналық бейсенбі» жобасының бұл жолғы қонағы – Damdi, Nango тамақтану желілерінің директоры Қуаныш Шаймардан мен Global Coffee кофеханалар желісінің негізін қалаушы Берік Төлеубаев.

Кездесу барысында зияткерлеріміз маркетинг, кәсіп бастаудың қыр-сырына үңіліп, тәжірибелі кәсіпкерлерден пайдалы кеңестер алды. Қатысушылар кәсіпкерліктің ерекшеліктері, қазіргі заманғы маркетингтік стратегиялар мен бизнестегі табысқа жету жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Бизнеске қызығушы оқушылар өз кезегінде толғандырған сауалдарын жолдап, қызықты жауаптар алды.

Бұл шара жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырып, болашақта өз жобаларын бастау үшін қажетті ынта мен білімді алуына жол ашатыны анық. Кездесу соңында екі тарап та бір-біріне жылы тілектерін арнап, кәде-сыйларын тарту етті.