logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Зияткерлердің республикалық олимпиададағы жетістіктері  

26 наурыз 2025 12:20

Наурыз айында Астана, Ақтау қалаларында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары білімдерін сарапқа салып, білім додасындағы үздік жетістіктерімен қуантты. Семейдегі NIS мектебінің қоржынында 2 алтын, 3 қола медаль бар.

Информатика және химия пәндері бойынша Ақтау қаласында өткен олимпиадада халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып жүрген мектептің қос білімпазы информатика пәнінен топ жарды. 11-сынып оқушысы  Әкежан Асқар алтын медаль жеңімпазы атанса, 9-сынып оқушысы Арнұр Нұрғазин қола медаль иегері атанды.

Астана қаласында биология және физика пәндері бойынша ұйымдастырылған республикалық білгірлер бәйгесінде 320-дан астам оқушы өздерінің теориялық және практикалық даярлықтарын көрсетті. Олардың қатарында биология пәні бойынша зияткер Алихан Тасқынбаев қоржынымызды алтын медалмен толықтырды. Сонымен қатар физика пәні бойынша Мирас Амирбеков пен Дамир Екібаев қола медаль еншіледі.

Жас олимпиадашыларымызға жетекшілік еткен педагогтерімізді кезекті жеңістерімен құттықтап, жоғары кәсібиліктері үшін алғыс білдеріміз!