Жаңалықтар
Қоғамға қызмет ету: шәкірттеріміз жаңа жобаларын таныстырды
18 сәуір 2025 09:00
Білім ордамыздың 8-сынып оқушылары «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында әзірлеген жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, өз идеялары мен жеткен нәтижелерін сәтті қортындылады. Мектепшілік көрмеде 80-ге жуық жоба таныстырылды.
Зияткерлердің осы оқу жылы бойы зерттеген жобалары әлеуметтік, экологиялық мәселелерге оның ішінде Ертіс өзенінің ластану деңгейіне, менталды денсаулықтың маңыздылығына, зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар оқушылар үшін инклюзивті білім беру бағдарламасын әзірлеу секілді өзекті тақырыптарға бағытталған. Басым көпшілігі бүгінгі көрмеде айтылған түрлі сын-ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаларын жетілдіріп, алдағы уақытта түрлі жобалар конкурсына қатысуға ниет білдіруде.
Бұл ретте 11-сынып оқушылары «Тәлімгерлік» жобасы аясында білім алушылардың бастамашыл идеяларын қолдап, бағыт-бағдар берді. Олар жобаның қарапайым мақсатынан бастап күтілетін нәтижеге дейінгі барлық кезеңдер бойынша өз тәжірибелері мен білімдерімен бөлісті.
Аталмыш жоба қос тарап үшін де пайдалы болды. Жоғары буын оқушылары көшбасшылық қасиетерін дамытса, орта буын оқушылары жоба жасау арқылы қоғамның түйіткілді мәселелерін шешу жолында азаматтық ұстанымдарын қалыптастырды.