logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жыл мұғалімі - 2025: үздік ұстаздар анықталды

28 сәуір 2025 11:11

Мектебімізде ұстаздардың кәсіби шеберлігін айқындаған «Жыл мұғалімі – 2025» байқауы өтті. Аталмыш конкурс ұстаздардың кәсіби даму деңгейін анықтап, олардың әрқайсысының ерекше таланттарын көрсетуге мүмкіндік берді.

Конкурс барысында 5 кезең бойынша қатысушылардың шығармашылық қабілеттері, бастамашыл идеялары, педагогикалық шеберліктері, тапқырлықтары мен шешендік өнері бағаланды.

Байқау қорытындысына сәйкес, жеңімпаздар төмендегідей:

🥇I орын – Дана Жуманбекова (математика пәнінің мұғалімі)
🥈II орын – Айқын Исабай (Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі)
🥉III орын – Гүлдана Сүлейменова (физика пәнінің мұғалімі)

Алдағы байқаудың желілік кезеңінде мектеп намысын Дана Жуманбекова қорғайтын болады. Барша қатысушыға зияткерлерімізге ғылым мен білімнің сан қырлы сырын білгізетін ұстаздық қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-