logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Білім мен тәрбие тоғысқан - NIS FEST

30 сәуір 2025 17:00

29 сәуір күні «Білім мен тәрбие тоғысқан – NIS Fest» аясында жыл бойы мектептің дамуына, мәдени-рухани өміріне, қоғамдық шараларына атсалысып, айналасына шабыт пен қуаныш сыйлаған шәкірттер марапат биігінен көрінді.

Мектептегі әр күнді қызықты да, мәнді еткен оқушылар – NIS FEST-тің басты жұлдыздары. Себебі, олар – күй мен әннің тарихын жаңғыртқан өнерпаздар, сахнада шынайы эмоциясымен көрерменді баураған театр шеберлері, қылқаламмен сыр шерткен суретшілер, мың бұралған бишілер мен спортта намысты қолдан бермеген жас спортшылар.

Олар – өз білімін ортаға салып, пікірсайыс пен MUN алаңында ұтқыр ойымен ерекшеленген зияткерлер, білім мен дерек таратқан Уикипедия жазушылары, оқуға құштар «100 кітап» жобасының белсенділері.

Олар – қоғамға қызмет еткен жанашыр еріктілер, мектебіміздің тірегі болған белсенділер мен жауапкершілікті мойнына алған шаңырақ көшбасшылары.

Мектеп директоры Наркен Буркенов құттықтау сөзінде шәкірттерге жүрекжарды алғысын білдірді.

- Білім беру — бұл тек қана үлкен өмірге дайындау емес. Мектептің өзі — өмірдің бір бөлігі. Осы өмірді жарқын да, мәнді етуге үлес қосқан оқушылар – сіздерсіздер. Біздің мектебіміздің жетістіктері сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында. Мектептің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын, - деді мектеп директоры.

💫«NIS Fest» – мектептің тәрбиелік және білім беру үдерісіндегі жүйелі жұмысының нәтижесін көрсеткен маңызды алаң болды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-