Жаңалықтар
NIS Семей оқушысы халықаралық информатика олимпиадасында жүлдегер атанды
03 тамыз 2025 16:27
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы 11-сынып оқушысыц Әкежан Асқар Боливияның Сукре қаласында өткен 36-шы Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI – 2025) күміс медаль иеленді.
Биыл әлемнің 98 елінен келген 400-ге жуық мектеп оқушысы бұл зияткерлік сайыста бақ сынады. Қатысушылар күрделі алгоритмдік тапсырмаларды шешіп, бағдарламалық шешімдер әзірледі. Барлық тапсырмалар автоматты жүйе арқылы бағаланды.
Әкежанның айтуынша, ол олимпиадаға 8 сыныптан бастап үш жыл бойы дайындалған. Зияткердің үздіксіз еңбегі мен табандылығы оның бүгінгі жетістігінің басты кілті.
Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық информатика олимпиадасына 1999 жылдан бері қатысып келеді және соңғы жылдары мықты командалардың қатарынан тұрақты орын алып жүр.
Халықаралық білім додасында үздік атанған Әкежанды осы айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз!