Жаңалықтар
Семейдегі NIS-те жаңа директор тағайындалды
25 тамыз 2025 16:41
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директор қызметіне Қайнарбаев Ербол Еділбайұлы тағайындалды. Жаңа басшыны педагогикалық ұжымға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов таныстырды.
2013-2022 жылдар аралығында Қызылордадағы Зияткерлік мектепте биология пәні мұғалімі ретінде жұмыс жасады. 2022 жылдан бастап Қызылордадағы NIS директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
Қайнарбаев Ербол Еділбайұлының 14 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар, оның 11 жылы НЗМ қабырғасында. Педагогикалық шеберлік деңгейі – сарапшы.
Мектеп қауымдастығы мектептің жеткен табыстары жаңа директордың басшылығымен жалғасып, одан әрі дами береді деп сенеді.