logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қош келдің, жас зияткер!

25 тамыз 2025 17:10

Бүгін 7-сынып оқушылары NIS-тегі жаңа оқу кезеңіне алғашқы қадамдарын басты. Жас зияткерлеріміз алдағы бейімдеу аптасында мектеп өмірімен танысып, іргелі академиялық білімді қалыптастыруға бағытталған NIS-programme білім беру бағдарламасы жайлы толық ақпарат алатын болады.

Аптаның алғашқы күнінде мектеп директоры Ербол Қайнарбаев оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздары жас өрендерге ішкі тәртіп ережелерін, оқу жүйесінің ерекшеліктерін, академиялық адалдық қағидаларын, ғылыми жоба жұмыстары мен KiVa бағдарламасын таныстырып, білім алудағы жауапкершілік пен ізденістің маңызына назар аударды.

Оқушылар үшін мектеп аумағына экскурсия ұйымдастырылып, жаңа ортаға тез бейімделуге қолайлы жағдай жасалды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-