logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Семейлік ұстаздар ECER 2025 халықаралық конференциясына қатысуда

09 қыркүйек 2025 17:00

Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары ECER-2025 халықаралық конференциясына қатысуда. Биылғы конференция Сербияның Белград қаласында өтіп жатыр. Бес күн бойы әлемнің 75 елінен келген 2600-ден астам зерттеуші өз елдерінің тәжірибесін ортаға салады.

Мектебіміздің зерттеуші тобының жалпы құрамында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Майгуль Мынбаева, биология пәнінің мұғалімдері Замзагуль Оразгалиева мен Айнур Садыкова бар. Ұстаздарымыз өз еңбектерін екі түрлі форматта таныстырды:

• постерлік баяндама: «Білім беруде рефлексивті күнделіктер арқылы метатанымдық дағдыларды дамыту»;
• ERC paper presentation: «Оқушылардың метатанымдық дағдыларын дамытудағы педагогикалық шарттар».

Бұл беделді ғылыми-тәжірибелік алаң ұстаздарымызға білім беру саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға, тәжірибе алмасуға, ең бастысы – өз зерттеу жұмыстарын халықаралық деңгейде ұсынуға жол ашты.

Фотогалерея

image-
image-
image-