Жаңалықтар
Абай тойы: ерікті оқушылар Абай облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды
15 қыркүйек 2025 13:45
Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған 10 күндік іс-шараға атсалысып, волонтер қызметін атқарған бір топ мектеп оқушылары Абай облысының әкімі Берік Уәлидің алғыс хатын алды.
Олардың қатарында Камила Дидарқызы, Нұрай Мұратова, Айзере Рахан, Балауса Мұратбекова, Алия Толымханова, Айфер Ашимова, Әмина Тілеуғабылова, Есдәулет Нұрболатұлы, Лейла Қайнарбек және Бақтияр Қадышев бар.
«Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – халқымыздың рухани құндылықтарын ұлықтайтын ерекше сәт. Осы мерейтой аясында өткізілген іс-шараларға көрсеткен белсенділігіңіз бен азаматтық жауапкершілігіңіз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін», - делінген хатта.