logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Бір шаңырақ астында

12 қыркүйек 2025 17:45

Оқу ордамызда «Шаңырақ – береке бастауы» атты шаңырақ сағаты ұйымдастырылды. Бірлік пен достықты ту еткен 15 шаңырақ алдағы оқу жылы бойы өзара ынтымақтастықта жұмыс істеп, мектеп өміріне белсене атсалысатын болады. Бүгін зияткерлер әр шаңырақтың ұранын, эмблемасын таныстырып, алда жүзеге асыратын жобаларын бөлісті.

8-11 сынып оқушылары арасында шаңырақ сағаты «Қоғамға қызмет ету» және «Тәлімгерлік» міндетті жобалары аясында өтті. Яғни, оқу жылының соңына дейін 8-сынып зияткерлері «Қоғамға қызмет ету» жобасы бойынша әлеуметтік, мәдени және экологиялық идеяларын ортаға салып, өзекті мәселелердің түйінін тарқататын жобалар әзірлеуі қажет. Бұл ретте 11-сынып оқушылары оларға бағыт-бағдар беріп, жол сілтейтін болады. Қос тарап үшін де аталған бағдарламаның мән-маңызы зор.

Жыл соңында спорттық, зияткерлік, мәдени және қайырымдылық іс-шаралардың бастамашысы болып, ең көп ұпай жинаған шаңырақ қауымдастығына «Өркен кубогы» мен «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясына жолдама табысталады.

Шаңырақ оқушылар қауымдастығы – ортақ құндылықтарды, ынтымақ пен жауапкершілікті ұлықтайтын мектеп өмірінің маңызды ортасы.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-