Жаңалықтар
Зияткерлік мектептердің әдістемелік жетекшілері оқытудағы өзекті бағыттарды талқылады
22 қыркүйек 2025 09:00
Өскемен, Павлодар және Семей қалаларындағы Зияткерлік мектептердің әдістемелік бірлестік жетекшілері NIS Семейде бас қосты. Екі күнге созылған семинар барысында әдістемелік бірлестіктің жаңа рөлі мен жетекшілердің міндеттерін қайта қарау мәселелері талқыланды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Равиль Якубов педагогтерді аттестаттаудың жаңа үлгісін таныстырып, сабаққа бақылау жүргізілгеннен кейінгі кері байланыстың мұғалімдердің кәсіби дамуына әсері туралы атап өтті.
Сонымен қатар, «Білім беру бағдарламалары орталығы» мен «Педагогикалық өлшеулер орталығының» менеджерлері жиынтық бағалау нәтижелері бойынша есеп деректерін пайдалану және сол деректерге негізделген шешім қабылдау әдістерін ұсынды.
Семинар аясында әдістемелік жетекшілер әріптестерінің сабақтарына қатысып, білім беру үрдісін жетілдіру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.