Жаңалықтар
Мектебіміздің пікірсайысшылары республикалық турнирде жеңіске жетті
23 қыркүйек 2025 08:29
2025 жылдың 20-21 қыркүйегінде Shakarim University базасында өткен Республикалық пікірсайыс турнирінен Семейлік NIS оқушылары жеңіспен оралды. Мектебіміздің оқушылары Айсұлтан Мұрзағазин, Айзат Слям және Аружан Мұздыбай ағылшын лигасы бойынша жоғары нәтижеге көрсетіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Турнирге еліміздің барлық өңірінен 2024-2025 оқу жылындағы қалалық және облыстық деңгейдегі сайыс жеңімпаздары қатысты. Атап айтқанда, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 60 командасы, яғни 180 оқушы бақ сынады.
Дебат бәсекесін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың обылыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтті.