logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Семейде ата-аналар комитетінің отырысы өтті

01 қазан 2025 14:00

Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2025-2026 оқу жылының ата-аналар комитетінің алғашқы отырысы өтті. Жиын мектептің оқу және тәрбие бағытындағы маңызды мәселелерге арқау болды.

Мектеп директоры Ербол Қайнарбаев отырысты ашып, мектеп миссиясы мен құндылықтарының маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол ата-аналарды ашық диалог алаңында балалардың жарқын болашағына арналған жобаларды бірге жүзеге асыруға шақырды.
Басқосу барысында директордың орынбасарлары Майгуль Мынбаева, Айгуль Калелова және ақпараттық технологиялар және инженерлік-техникалық шығармашылықтың кеңейтілген зертхана меңгерушісі Жасұлан Амежанов білім беру процесінің өзекті мәселелерін, оның ішінде бағалау ережелері, тәрбие жүмыстары мен олимпиадалық қозғалыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.


Отырыстың келесі бөлімінде ата-аналар комитетінің өткен оқу жылындағы жұмыстары сараланып, көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде Асем Жарылғасина ата-аналар комитетінің төрайымы ретінде қызметін жалғастыратын болды. Кездесу соңында ата-аналар тарапынан ұсынылған пікірлер ескеріле отырып, комитеттің осы оқу жылындағы жұмыс жоспары бекітілді.

Оқу-тәрбие жұмысының табысты болуының басты шарты - мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы. Осы мақсатта мектеп әрдайым ата-ана, бала, мектеп үштігінің байланысын нығайтуды көздейді.