logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Әкелер кеңесінің бастамасымен садақ ату сайысы өтті

06 қазан 2025 13:56

4 қазан күні мектеп жатақханасының оқушыларына Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен садақ атудан шеберлік сағат пен жарыс өтті. Іс-шара ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды.

Шеберлік сағатының басты мақсаты – ұлттық ойын түрлерін насихаттау, ата-баба мұрасын дәріптеу, сондай-ақ зияткерлерді мергендік өнерге баулу.  Іс-шараны өткізуге Әкелер кеңесінің мүшесі Раиым Жолдасбекұлы жетекшілік етті.

Жарыс барысында оқушылар мергендік өнердің қыр-сырын меңгеріп, өз шеберліктерін шыңдады. Нысананы дәл көздеп, өздерінің ептіліктері мен табандылықтарын көрсеткен сайыс қорытындысы төмендегідей:

Ұлдар арасында:
🥇 1-орын – Мағжан Сағат
🥈 2-орын – Әкежан Мұхтарбеков              
🥉 3-орын – Айбек Османов

Қыздар арасында:  
🥇 1-орын – Аяулым Рахым              
🥈 2-орын – Айзере Тәңірберді
🥉 3-орын – Аққыз Боранқұл

Алдағы уақытта да ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шаралар өз жалғасын табатын болады.

 

Фотогалерея

image-
image-