logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Заңды білу – қауіпсіздік пен күш

07 қазан 2025 18:00

7 қазан күні Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиеленушілері Затон полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Жакеева А.С және кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы, аға лейтенант Бекжан М. кездесті.

Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жасөспірімдердің заңға деген жауапкершілік көзқарасын арттыру болды.

«Заңды білу – қауіпсіздік пен күш» тақырыбында өткен профилактикалық іс-шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң бұзушылықтың салдарына тоқталды.

Кездесу соңында оқушылар мамандарды үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Полиция қызметкерлері әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап беріп, жастарды заңға құрметпен қарауға және жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

Аталмыш басқосулар жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының басында өткізіледі. Олар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-