logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Елімай» шаңырағында «Абайды оқы, таңырқа» интеллектуалды сайысы өтті

22 қазан 2025 10:11

2025 жылдың 22 қазан күні «Елімай» шаңырағында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында «Абайды оқы, таңырқа» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Шараның мақсаты – оқушыларды ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен терең таныстыра отырып, олардың рухани құндылықтарын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шараны шаңырақ координаторы Нұргул Султаева ұйымдастырып, оған 9 «А», 7 «А» және 7 «D» сынып оқушылары белсене қатысты. Сайыс барысында оқушылар Абайдың өмірі мен еңбектері туралы сұрақтарға жауап беріп, өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл шара оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, ынтымақтастық, жауапкершілік және өмір бойы оқу құндылықтарын дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, топтық жұмыс арқылы бірлік пен өзара қолдау мәдениетін нығайтты.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-