logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жатақханада Республика күні аталып өтті

25 қазан 2025 15:00

25 қазан – Республика күніне орай Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында 4-топ тәрбиеленушілерімен патриоттық бағыттағы тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның дамуы мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін таныстыру, сондай-ақ жас буынның азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімін қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқушылар Отан тарихына шолу жасап, өз ойларын ортаға салды. Топтар арасында ұйымдастырылған танымдық сайыс пен «1, 2, 3» ойыны арқылы қатысушылар білімін сынап, жылдам ойлау және топ алдында еркін сөйлеу дағдыларын жетілдірді.

Шара соңында «Менің Қазақстаным» атты әдеби монтаж қойылып, оқушылар «Менің Отаным» тақырыбындағы рефлексия кезінде өз әсерлерімен және болашаққа деген сенімдерімен бөлісті.

Фотогалерея

image-
image-
image-