logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Абай облысында жас ұстаздарға арналған форум өтті

24 қазан 2025 14:43

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Абай облысы жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты облыстық форум өтті. Форумға қала мен аймақтардағы 200-ге жуық жас мұғалім қатысты.     

Ашылу рәсімінде Өскемен қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының директоры Кульфарида Раисова, мектеп директоры Ербол Қайнарбаев сөз сөйлеп, ұстаздардың өзін-өзі дамытудағы үздіксіз ізденістерінің маңыздылығына тоқталды.  

Мотивациялық сессияда Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Бакытгуль Масалимова, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Жанат Байғазинов пен Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж директорының орынбасары Асхат Мұханов жалынды сөздерімен барша қатысушыларды жігерлендіре түсті.

Форум барысында ұстаздар шеберханасы мен шеберлік сағаттар ұйымдастырылды. Оларды жас ұстаздар мен Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің білікті ұстаздары жүргізді. Форумшылар заманауи оқыту әдістерін, жасанды интеллекті сабақ үдерісіне енгізу, инклюзивті білім беру мен цифрлық құралдарды тиімді пайдалану бағыттарын талқылады.

Аталмыш алаң Абай облысының жас педагогтері үшін кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және ұстаздық бірлікті нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды басқосу болды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-