logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Абай облысында математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өтті

28 қазан 2025 14:48

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өтті. Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыратын байқау Абай облысы білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырылды.

Биылғы білім додасына облыстың қала және аудан мектептерінен барлығы 153 педагог (оның ішінде 107 математика және 46 информатика пәні мұғалімі) қатысты.

Математика пәні бойынша олимпиада практикалық және әдістемелік кезеңнен, ал информатика пәні бойынша практикалық кезеңнен тұрды. Әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес:

⚡математика пәні бойынша: 2 педагог І орын, 7 педагог ІІ орын, 9 педагог ІІІ орын иеленді;
⚡информатика пәні бойынша 2 педагог І орын, 3 педагог ІІ орын, 5 педагог ІІІ орын иеленді.

Білім додасының мақсаты – ұстаздардың шығармашылық әлеуетін ашып, кәсіби құзыреттілігін арттыру және үздік әдістемелік тәжірибелерді тарату.

Үздік нәтиже көрсеткен 3 математика және 2 информатика пәні мұғаліміне IMPACT Olympiad-2026 халықаралық шығармашылық байқауына қатысуға жолдама берілді. Жолдаманы «SemeyMath» математика мектебі және «Erudit Group» білім беру орталығы табыстады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-