logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Семейде желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті

30 қазан 2025 20:00

28–30 қазан аралығында Семей қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінде волейболдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі өтті. Үш күнге созылған спорттық додада еліміздің алты өңірінен келген ұлдар мен қыздар командалары бақ сынасты. Жарысқа барлығы 100-ге жуық оқушы қатысып, өздерінің шеберліктері мен дайындық деңгейін көрсетті.

Аймақтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен командалар марапатталып, келесі желілік кезеңге жолдама алды.

Қыздар арасында:

I-орын – Алматы-Медеу НЗМ           
II-орын – Павлодар НЗМ
     
III-орын – Өскемен НЗМ

Ұлдар арасында:      
I-орын – Павлодар НЗМ
       
II-орын – Өскемен НЗМ
        
III-орын – Талдықорған НЗМ

Сондай-ақ, спартакиада барысында жақсы ойын көрсеткен спортшылар арнайы номинациялармен марапатталды.

«Үздік қорғаушы» – Талдықорған НЗМ оқушысы Гаухар Шынарбекова және Семей НЗМ оқушысы Сәтжан Қабдеш      
«Үздік үйлестіруші» – Қарағанды НЗМ оқушылары Айлин Талғат пен Нұртөре Казкенов
«Үздік шабуылшы» – Алматы-Медеу НЗМ оқушысы Тілек Айтақын және Семей НЗМ оқушысы Аяулым Айкен              
«Үздік ойыншы» – Алматы-Медеу НЗМ оқушысы Амира Мурат және Павлодар НЗМ оқушысы Нұрғалым Байшүкір

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-