Жаңалықтар
NIS Семей ұстаздары Астанада өткен халықарылық конференцияда тәжірибе таратты
03 қараша 2025 18:25
Астанада өткен «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» атты XIV халықаралық конференция білім саласындағы ең өзекті тақырыптарды біріктірген ірі кәсіби алаңға айналды.
Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтермен қатар, Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары да қатысып, іс-әрекеттегі зерттеу, педагогикалық көшбасшылық және инновациялық оқыту әдістері бойынша өз тәжірибелерін ұсынды.
«Іс-әрекеттегі зерттеу арқылы білім беруді трансформациялауға жағдай жасау» симпозиумында Сания Исаханова, Сымбат Мажиков және Айдар Қурманбаев «Мектептерде зерттеу мәдениетін қалыптастыру: нәтижелер мен қорытындылар» тақырыбында баяндама жасады.
Ал «Педагогикалық көшбасшылық: дамудың жаңа белестері» сессиясында
Салтанат Ертуганова мен Нұрғазы Тұрсынғазин «Педагогтердің жұмыс жүктемесінің оқытудың сапасы мен тиімділігіне әсері» атты зерттеуін таныстырды.
Постерлік сессияда ұсынылған жобалар:
• Айгуль Манабаева – «Мұғалімнің кәсіби дамуы мен оқыту тәжірибесінде скаффолдинг тәсілін қолдану: жазылым дағдысын дамыту контекстінде»;
• Альбина Ишмухаметова, Анар Таяпбергенова – «11-сынып оқушыларының биологиялық зерттеулерді жоспарлау дағдыларын дамытуға цифрлық тұжырымдамалық карталардың әсері»;
• Анастасия Баркова, Динара Габдуллина, Сымбат Мажиков, Айдар Қурманбаев – «Жоғары үлгерімді оқушылар үшін оқу жетістігіне жетелейтін тапсырмалар құру: орта мектептегі математика мен ағылшын тілінен сараланған сабақтар»;
• Айнур Бодеева, Салтанат Ертуганова – «Оқушыларды жасанды интеллект арқылы жазбаша сөйлеудің әртүрлі жанрларын үйрету әдістемесі»;
• Анар Советова, Анар Таяпбергенова – «Графтар теориясы негізінде жүйелік ойлауды дамыту: Action Research аясындағы кіріктірілген сабақтар тәжірибесі»;
• Алия Андакаева – «Оқушыларда ойлау эксперименттерін жоспарлай алу дағдыларын төңкерілген класс әдісі арқылы дамыту».
Бұл жұмыстар мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуға, зерттеу мен тәжірибе арқылы оқыту сапасын арттыруға бағытталған жүйелі еңбегін айқындады.