logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Digital Abai республикалық хакатонында мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары үздіктер қатарында

10 қараша 2025 14:07

Мектеп ұстаздары мен оқушылары тұңғыш рет қазақ тілін қолдауға бағытталған «Digital Abai – қазақ мәдениетінің алтын бесігі» республикалық хакатонына қатысып, өз жобаларын таныстырды. Хакатон барысында олар жасанды интеллект, мобильді қосымшалар, тіл үйрету платформалары және аударма жүйелері бағытында инновациялық шешімдер әзірледі.     

Елнар Ниязбек, Рақым Раиымұлы, Әлия Толымханова мен Аяжан Тәңірберді сынды зияткерлерімізден құралған «Cor» командасы екінші орын иегерлері атанса, Ақбота Жайсанбаева, Мирас Оңдасынов, Равиль Рыспеков пен Адиль Алимбаевтардан жасақталған «Anyz Game» командасы үшінші орын иеленді. Жүлделі орын иеленген мектеп командалары сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Ауқымды шараның негізгі мақсаты – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы дамыту, цифрлық өнімдер мен инновациялық жобаларға ұлттық мазмұн енгізу және өңірдің IT саласындағы әлеуетін арттыру.

Фотогалерея

image-