logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Семейлік NIS ұстаздары WALS 2025 халықаралық конференциясында

13 қараша 2025 10:00

Жапонияның Хиросима қаласында өткен World Association of Lesson Studies (WALS 2025) халықаралық конференциясына NIS Семей мектебінің мұғалімдері қатысып, өздерінің зерттеу жобаларын ұсынды.

WALS – әлемнің түкпір-түкпірінен келген педагог-зерттеушілердің тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы ең өзекті мәселелер мен жаңашыл идеяларды талқылайтын беделді алаң.

Ұстаздарымыз халықаралық аудитория алдында өз тәжірибелерін бөлісіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған зерттеу нәтижелерін таныстырды:
Айнур Бодеева – орыс тілі пәнінің мұғалімі
Замзагуль Оразгалиева – биология пәнінің мұғалімі
Анастасия Баркова – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Анар Таяпбергенова – информатика пәнінің мұғалімі
Анар Советова – биология пәнінің мұғалімі
Динара Чкамбаева – математика пәнінің мұғалімі
Динара Габдуллина – математика пәнінің мұғалімі
Салтан Ертуганова – орыс тілі пәнінің мұғалімі
Салтанат Әлімғазиева – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Жалпы конференция бағдарламасына қазақстандық педагогтердің 249 баяндамасы енгізілген. Бұл – қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Оның ішінде 85 баяндама Зияткерлік мектептердің мұғалімдеріне, ал 13 зерттеу NIS Педагогикалық шеберлік орталығының сарапшыларына тиесілі.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-