logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектеп командасы «Креатив-бой» интеллектуалдық ойынында III орынды иеленді

20 қараша 2025 18:00

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған желілік «Креатив-бой» командалық-интеллектуалдық ойынында мектебіміздің командасы жүлделі III орынға ие болды. 9-сынып оқушыларына арналған дода онлайн форматта екі кезең бойынша ұйымдастырылды.

«Креатив-бой» барысында қатысушыларға жалғыз дұрыс жауабы жоқ, ашық тапсырмалар ұсынылып, оқушылардың креативті ойлау, сан түрлі шешім ұсыну және функционалдық сауаттылық дағдылары бағаланды.

Команда Нариман Айтмұқаш, Айбарыс Батырбек, Аққыз Боранқұл, Саяуыш Дастанұлы құралды. Команда жетекшісі – Ақбота Жайсанбаева.

Жүйрік ойы мен ұшқыр қиялын танытып, мектебіміздің намысын абыроймен қорғаған оқушыларымызды және жетекшісін шын ықыласымызбен құттықтаймыз!