logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық конференцияда NIS/SHARE жобасының зерттеу  нәтижелері таныстырылды  

21 қараша 2025 10:22

Ұстазымыз Сания Исаханова NIS/SHARE жобасының координаторы ретінде халықаралық CARN (Collaborative Action Research Network) 2025 конференциясында өз тәжірибесін таратып, зерттеу нәтижелерін симпозиумда таныстырды. Австрияның Клагенфурт (University of Klagenfurt) университетінде өткен конференцияда әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілер мен білім беру саласының мамандары бас қосты.

Беделді алаңда мұғаліміміз Кембридж университетінің Білім факультетінің профессоры, жобаның бас сарапшысы Коллин Маклафлинмен «From Insight to Action: Advancing School Development through Enquiry and Evidence» тақырыбында бірлесе баяндама жасады.

Зерттеу еңбегі мектептердегі өзекті мәселелерді шешу үшін педагогтерді іс-әрекетте зерттеу жүргізуге ынталандырып, дәлелдерге негізделген шешім қабылдауға бағытталған NIS/SHARE жобасы аясында жүзеге асырылды.

     CARN 2025 халықаралық конференциясында NIS/SHARE жобасы аясында жүргізілген зерттеу нәтижелерін таныстыру біз үшін үлкен тәжірибе болды. Жоба тренері Коллин Маклафлин бізді арнайы таңдап, осындай ауқымды алаңда сенім білдіргені ерекше қуантты. Бұл -  менімен бірге авторлық топта болған әріптестерімнің бірлескен еңбегінің нәтижесі, - деп атап өтті Сания Исаханова.    

Бұл бастаманы өткен жылдан бері педагогтеріміз Сания Исаханова, Сымбат Мажиков, Нұрғазы Тұрсынғазин, Айдар Курманбаев пен Наркен Буркенов бірлесе жүргізіп келеді.