logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық чемпионатқа жолдама алды

01 желтоқсан 2025 17:18

29-30 қараша аралығында Abay First Regional 2025 аймақтық кезеңі өтті. Чемпионатқа Алматы қаласы, Қарағанды қаласы, Жетісу, Ақмола және Абай облыстарынан 250-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге арналған инновациялық роботтар құрастырып, көш басынан көрінді.

«Robot Design Award Finalist» номинациясы – Welldone командасы. Команда құрамында: Дария Турсынова, Сафия Низамова, Алима Мукиянова, Зере Ертуспаева, Илина Бактыбаева, Дулат Аскерхан.

«Motivate Award» номинациясы – SPL командасы. Команда құрамында: Жазира Жасатай, Асель Рахымжанова, Айзере Мұратқызы, Балауса Муратбекова, Айзере Султангазина мен Аяжан Арманова.

«Innovation Project Award Finalist» номинациясы – 505 командасы. Команда құрамында: Айхан Амантай, Райымбек Болатұлы, Бану Маукенова, Айша Мурсальбекова, Айбар Сабырбеков пен Амина Джунусова.

«Champion Award Finalist» номинациясы – AIMA JR командасы. Бейбарыс Кәрімов, Әлия Толымханова, Елдана Нұрқамит, Ғазиз Бауыржан, Әкежан Алимгожин мен Асанали Джакипов сынды зияткерлерден жасақталған команда халықаралық «Central Asia FIRST Championship 2026» чемпионатына жолдама жеңіп алды.

FIRST Tech Challenge (FTC) категориясы бойынша Аяжан Тәңірберді мен Абзал Әукен «Central Asia FIRST Championship 2026» чемпионатына жолдама ұтып алды.

Фотогалерея

image-