logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектеп командасы «The Best Enactus Kazakhstan Film 2025» байқауында үздік атанды

01 желтоқсан 2025 17:20

Мектеп командасы Enactus Kazakhstan Business Collaboration Forum аясында өткен  «The Best Enactus Kazakhstan Film 2025» байқауында бас жүлде жеңіп алды. Команда құрамы 11-сынып оқушылары Аяжан Тәңірберді, Нұрай Бақытжанова, Әлия Толымханова мен 12-сынып оқушылары Айқын Булегенов, Рақым Раиымұлы, Елнар Ниязбек, Әмір Әмірәлі және Әкежан Асқардан  құралған.

Жас кәсіпкерлерді қолдауға бақытталған ірі форумға еліміздің 20 өңірінен келген студенттік және мектеп командалары, бизнес өкілдері мен сарапшылары қатысты.

Шәкірттеріміз екі күн бойы бизнес қауымдастығының, білім беру саласы мен қоғамдық ұйымдардың спикерлерімен тәжірибе алмасып, еліміздегі кәсіпкерлік және әлеуметтік бастамаларды дамытуға ықпал ететін идеяларын ортаға салды.